Біліктілікті арттыру курстарында кезекті дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ қызметкерлерінің қызметтік мінез-құлқының және кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін талдау мақсатында, 2019 жылғы 01 наурыз күні тәжірибелік Қостанай облысы бойынша ОӘДК-ның сарапшы-психологы М. Едигенова қатысуымен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы біктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен «Қызметкерлердің қызметтік мінез-құлқысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Құқық қорғау қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, ҚАЖ қызметкерлеріне әр түрлі санаты сотталғандармен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Қызметтік міндеттерін атқарып, ҚАЖ қызметкерлері мәселе сұрақтарын шешуге, экстремалды жағдайдан шығу жолып табу сияқты қажеттікпен кездеседі. Осылайша, іс-шара барысында құқық қорғау органының қызметкеріне, оның кәсіби қызметінің тиімділігіне және сапасына жоғары талаптар қойылатыны, оның құзыреттілігі туралы сұрақтар қозғалды.

Психологиялық жұмыс орталығының бастығы полиция майоры
М. Туйганов модератор ретінде тыңдаушылардың басын қосып, оларды қызық әңгімелесуге тарты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдар шығарылып, алдағы біліктілікті арттыру курстарында есепке алынады.

Іс-шара сонында 1 наурыз –Алғыс білдіру күні тыңдаушылар және Академия қызметкерлері бір-біріне алғысын білдірді.

Психологиялық жұмыс орталығының

оқытушы-әдіскері

полиция капитаны В. Касенова