ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

«Еңбек ер атандырар» демекші, бүгінгі күні арамыздан талай жыл талмай Ішкі істер органдары Қылмыстық-атқару жүйесі саласында, әр түрлі қызметтер бойынша жұмыс атқарған білімді де білікті тұлға Алексей Александрович Бойко еңбегінің жемісін көрер шаққа жетіп, зейнетке шығып отыр. Өз мамандығының қыр-сырын жақсы меңгерген Алексей Александрович Бойко өзінің қызмет жолында көптеген жетістіктер мен биік шыңдарға жетіп, өзінің артынан еріп келе жатқан жас курсанттарға, болашақ офицерлерге, де талай жыл өнегелі білім берді. Жұмысқа енді кірген жас мамандарға да бағыт бағдар беру жолында еш аянып қалмады. 1998 жылы Қостанай заң институты курсанттары қатарына кіріп қызмет жолын бастап, осы ведомстволық оқу орнынан зейнетке шықты.

<

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция подполковнигі Алексей Александрович Бойко асқақ тұлғаның адал да жауапкершілікті, еңбексүйгіштік пен төзімділік қасиеттері басым болған осынау қызметтік жолдарына басымызды иеміз дей отыра, үлкен рахмет айтып сәтті сапар тілейміз.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы

полиция майоры А.Р. Турымов