Курсанттар баспасөзі қызметінің мүшелері басшылықпен кездесті

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал – майоры Мирлан Қызыловтың баспасөз қызметінің хатшысы Орынбасар Жомартқызы Уақпаевамен  және Академияның курсанттар баспасөзі қызметінің мүшелерімен кезекті кездесуі өткізілді. Курсанттардан құрылған баспасөз қызметінің мүшелері О.Уақпаеваның бастауымен төрт жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары тәрбиенің бағытындағы қоғамда отансүйгіштікке, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жеке басына деген жауапкершілікті сезіну, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді жоғары қоятын ортаны қалыптастырып, болашақ ұрпақтың тәрбиеленуінде басты орын алады.

Кездесу барысында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов баспасөз қызметі мүшелерінің алдағы уақыттағы жоспарларымен танысып,  Елбасының биылғы 2019 жыл Жастар жылы деп жариялағандығын айтып, осы бағытта  бірнеше жұмыс бағдарламаларымен жоспарын ұсынды. Академияда курсанттар үшін барлық жағдайлар жасалынған. Курсанттарымыз патриоттық рухта тәрбиеленіп, ғылым, білім саласында, спорт және мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысып, қызметтік тәртіпті және заңдылықты бұзбауы қажет. Әрқашанда бір отбасының баласындай тату-тәтті, бір-бірлеріңді қолдап, демеп, тілектес болып жүрулерің қажет. Сіздер, қоғамның маңызды бір бөлігін құрайсыздар. Академияның жалпы тыныс-тіршілігімен тарихына, мәдени-көпшілік іс-шараларына толы мақалаларымен, курсанттардың өлеңдері, эсселері жинақталған, жылына екі рет «Академия міндет, абырой, ерлік!» атты жалпыакадемиялық журналын біздер ғана шығарамыз. Осы бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, сонымен қатар Академияның беделін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру, жылдан-жылға көркейіп дамуына, оқу орындарының ішінде үздік оқу орындарының қатарында болуына,  аянбай еңбек етуіміз қажет. Бүгінде курсанттарымыз білім, ғылым, спорт салаларында жүлделі орындар иеленіп, Академиямыздың беделін көтеріп жүргені баршамызға мәлім.

Сіздердің ұжымдарыңызға кәсіби өрлеу, жаңа шығармашылық шабыт, Академияны жан-жақты өркендеу жолындағы әрбір істеріңізге сәттілік, дендеріңе саулық тілеймін! Баспасөз қызметінде жинаған тәжірибелеріңізбен өзара бөлісіп, биік тұғырдан көрініңдер!

Аталған кездесуде баспасөз қызметінің мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыстың нақты бағытта қойылып, алдағы уақытта қойылған мақсат, міндеттерімізді орындауға, жастар бағытында өткізіліп жатқан барлық мақалаларды республикалық, облыстық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, Академияның имиджін көтеріп, биіктен көрінуге  тырысамыз, деді.

Кездесу соңында, баспасөз қызметінің мүшелері Академия бастығымен естелікке суретке түсті.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы

О.Уақпаева