«Ақбас бүркіт» пьессасы

2019 жылы 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттары Қостанай қаласы Ілияс Омаров атындағы Қазақ Драма театрына бардық. Театрда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М. Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досанов шығармашылығымен жазылған «Ақбас бүркіт» атты пьессасы қойылды. Бұл пьессаның атының өзі біраз көрермендер миында түрлі ой тудырғаны шындық. Қойылымда СССР кезіндегі орыс басшыларының қазақ жеріне, еліне, байлығына көз салғаны нақты көрсетілді. Тың игеру жылдарындағы билік басында отқан Никита Сергеевич Хрущевтың дұрыс саясатты жүргізбеуі арқасында қазақ халқының қамын ойлап, орыс басшыларының озбырлығына қарамастан билікке қарсы шыққан Жұмабек Ташенов, Дінмұхамед Конаев секілді ел билеген батырларымыздың кейпі әдемі көрсетілген. Қазақ жеріндегі бес бірдей облысын СССР қармағына бермек болғанда білгір айлалығымен, сөйлеу шешендігімен халық арасынан топ жарып шыққан Ташенов Ахмедұлы тақта отқан лауазымын қазақ жері үшін қиды, ашып келгенде Хрущевтың саясатына қарсы шыққаны спектакльде айқын көрсетілді. « Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғаған ата-баба жерлері қазіргі әлем тарихында тоғызыншы орынды иеленіп отыр. Спекталь соңында көрші еліміз Қырғызстан елінен келген Қырғызстан Республикасының режиссері Қаныбек Дуйшеналиев, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық суретшісі, балетмейстер Нурлан Карабаев көрермендер алдында өнерлік тілдерімен сөйледі. Бұл спектакль курсанттарды ел үшін, халық үшін адал жұмыс істеуге, ұлтшылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуді үйретті.




2 курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Примкулов А.М.