ЗАМАНАУИ ЖАСТАРЫНЫҢ АМБИЦИЯЛАРЫ, ЖІГЕРЛІКТЕРІ, КЕЛЕШЕКТЕРІ

2019 жылдың 14 ақпанында Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында Қазақстандағы Жастар жылының ашылуына байланысты, «Заманауи жастары: амбициясы, жігерлігі, келешегі» атты тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.Н. Табулденов, 3 курс курсанттары А. Нуркин, Д. Слесарь, Д. Дуамбеков, Д. Адилдабеков және 2 курс курсанты М. Нуртазин.

Дөңгелек үстел қатысушыларына құттықтау сөзімен «ЧелМУ» Қостанай филиалының бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, Раиса Әміржанқызы Тюлегенова мен Студенттік ғылыми қоғамының төрағасы Анжелика Пивоварова қатысты.

Диалог алаңының негізгі бағыттары қазіргі қоғамның өзекті мәселелері болды, мысалы, «4А» табысқа жету формуласы (сыни ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық); «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында мәдени және рухани құндылықтарды дамыту; салауатты өмір салты әл-ауқат пен жетістіктердің кепілі ретінде; «Болашақтың кристалдары» немесе жастардың ғылыми әлеуеті.

Аталған ғылыми іс-шарада Академия атынан 305 оқу тобының курсанты Арман Нуркин «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру» баяндамасымен қатысты. А. Нуркинның баяндамасын талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қостанай облысының жас ұрпақтары арасында құқықтық бедерсіздікті жою туралы көптеген өзекті мәселелер айтылды.

Ғылыми іс-шараның осы форматта өткізілуі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Мәдени және адамгершілік құндылықтарды дамыту және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру туралы жан-жақты пікірталас өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында ұсыныстар мен ұсынымдар айтылып, олар кейін талқыланды және мәліметке алынды.

Бірлескен ғылыми іс-шаралар жоғары оқу орындары арасында тәжірибені байытуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

ҒЗжРБЖҰБ аға ғылыми қызметкері

полиция майоры

Н. Ибраева