Диссертациялық зерттеу жұмысын апробациядан өткізу іс шарасы өткізілді

2019жылдың  06 ақпанында Академияның Біліктілікті арттыру және кайта даярлау институтына, біліктіліктерін арттыруға келген Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тәртіп бөлімдерінің қызметкерлеріне 2 курс магистранты әділет капитаны Н.Т.Мырзазияев өзінің «Бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан топ мүшелері мен басшылары жасаған қылмыстарды тергеудің бастапқы кезеңдерінің ерекшеліктері» атты зерттеу тақырыбына сәйкес сауалнама жүргізді. Сауалнаманы өткізуге ғылыми-педагогикалық тағылымдама бойынша тәлімгер, Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, (PhD) философия докторы, полиция майоры Е.Е.Қайнар  сауалнамаға жауап беруші сұхбаткердің қосымша сұрақтарына жауап берді. Сауалнама жүргізу кезінде көптеген сұрақтар туындап, олар қызу талқыға түсті және қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама нәтижелері күрделі сұрақтарға жауап берді және  зерттеу нәтижелері теориялық зерттеуді тәжірибемен байланыстырып бірнеше ұсыныстарды қалыптастыруға бағыт берді.


Ғылыми және педагогикалық

магистратурасының 2 курс магистранты

әділет капитаны Н.Т.Мырзазияев