Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 2018 жылы қабылданған курсанттарының Академия басшылығымен кездесуі

2019 жылдың 5 ақпанында күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 2018 ж.қ. 1-курс курсанттарымен отырыс шеңберінде Академияның акт залында Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі А. Нурушевпен, полиция подполковнигі А. Кусеубаевпен, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің бастығы, полиция полковнигі Г. Кульжановамен, КЖБ жеке құрам бойынша инспекциясының қызметкерлері полиция майоры Ж. Муслиповпен,  полиция капитаны А. Альназаровпен кездесті.

Кездесу барысында курсанттар оқу-емтихан сессиясын өткізу тәртібі, оқу-әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілуі туралы айтылды. Сонымен бірге ҚР ІІМ нұсқауларымен және ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің шолуымен таныстырылды.

Әскери-қызметтік тәртіпті нығайту және қатаң сақтау, оқу емтихан сессиясы барысында КжСОФ курсанттарының келеңсіз жағдайларды болдырмауы, оның ішінде: ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің талаптарын, әскери-қызметтік тәртіпті, нысанды киім-кешекті кию тәртібі, Академия күнтізбесін сақтаулары, автокөлік тәртібін және жол жүру ережелерінің қағидаларын, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаулары, алкогольдік ішімдіктерді қабылдамаулары, шаттандыратын орындарға бармаулары туралы айтылды.

 

Күндізгі және сырттай оқыту факультеті