Дәстүрге айналған кездесу

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы жыл сайын дәстүрлі түрде 4 курс курсанттарының өндірістік тәжірибелерінің алдында, практикалық қызметкерлердің қатысуымен кездесу өткізіп отырады.

Биыл да осы дәстүрді жалғастыру мақсатында, 2019 жылғы қаңтар айының 30 жұлдызында күндізгі оқыту факультетінің қылмыстық-атқару мамандандыруы бойынша білім алып жатқан 4 курс курсанттарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге арнайы Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері және кафедра оқытушылары қатысты. Олар: Қостанай қаласы бойынша Пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абылгазимов Ерболат Садықұлы және УК-161/2 мекемесі сотталғандармен тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Наурызбаев Ерлан Қадырұлы. Қонақтар курсанттарға тәжірибелік қызметтің қыр-сыры туралы айтып берді және оларға алдағы қызметтерінде заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін ақыл-кеңестерін айтты.

Кездесу соңында, 4 курс курсанттарына тәжірибе құжаттарын дұрыс толтыру және тәжірибе барысында өздеріне қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, бітіруші түлектерге алдағы тәжірибені абыроймен өтіп, мемлекеттік емтихан тапсыру үшін аман-есен оралу тіленді.

         ҚҚАҚжәнеК кафедрасы

         бастығының орынбасары

         полиция подполковнигі

         Г. Кажикова