Курсанттар жастар жылының салтанатты ашылуын тамашалады

2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылуын тікелей бейне көрсетілім арқылы тамашалады.

Елбасымыздың Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Аталған салтанатты іс-шараға «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» түлектері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара қарсаңында жыл логотипі таныстырылған болатын.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» — деп атап өтті. 

Қазақстан Президенті оқу бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуінің әлеуметтік-экономикалық астары түптеп келгенде еліміздің даму индексін анықтайды. Білікті маман шығару және оны жұмыспен қамтамасыз ету білім беруші және жұмыс ұсынушы мекемелер арасындағы бар байланысқа жаңаша сипат беретін болады.

Экономикалық аспектіде еліміздің өркендеп даму стратегиясы жүзеге асатын болса, ал әлеуметтік тұрғыда жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамымыздың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететінін белгіледі.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция капитаны Д. Альжанова