Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтихан

2019 жылдың 22 қаңтар айынан бастап 26 қаңтар аралығында Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы бойынша 1 курс курсанттары үшін мемлекеттік емтихан өтеді.

Биылғы жылы мемлекеттік емтиханның төрағасы – Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің аппарат басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бекмагамбетов Руслан Кабдуалиевич. Төрағаның орынбасары – Академия бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры Қызылов Мирлан Ахмедиевич. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамы: Академия бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Нурушев Ахан Жакыпбекович; Заң институты бастығының орынбасары, күндізгі оқыту факультетінің бастығы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Кульжанова Гульбарам Тимеркановна;

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Тойматаев Даурен Болатович;

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Алпеисов Болат Бакпектович; Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Наурзбаева Айгерим Казбековна; Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Туйганов Мырзабек Сардарбекович.

«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан компьютерлік тестілеу сұрақтары арқылы өтеді. Компьютерлік тестілеу сұрақтары Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен мәселелерін қамтиды. Сұрақтарда тәуелсіз Қазақстан тарихы мен елдің даму стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы маңызды орын алған. Академия басшылығы мен әлеуметтік – гуманитарлық пәндер профессорлық-оқытушылар құрамы Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы пәні  бойынша емтиханды бірінші курс курсанттары сәтті тапсырып, жоғары нәтижелі білім сапасын көрсетеді-деп, үміттенеді.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының техникалық хатшысы:

 әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы,

полиция аға лейтенанты  Мырзахмет Қуаныш Ермекұлы.