Жас мұраты, білім, тәлім — талабы.

Жексенбі — әрбір адам үшін әсіресе курсанттар үшін асыға күтетін өте ерекше күн. 2019 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 103 оқу тобымен осындай ауа-райының салқын күндеріне қарамастан сейілдемеге шықтық.


Жетекшінің ұйымдастыруымен мұз айдыны мен «Арман-3D» кинотеатрында «Полиция в рублевки» атты фильмді тамашалады. Іс шараларды өткізудегі басты мақсаты – топтағы курсанттармен қарым-қатынасты нығайту, бос уақыттарын ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтеру мен жақсы әсер қалдыру. Мұзда коньки тебу күрделі спорт түрі болғанмен де, денсаулыққа тигізер пайдасы көп. Ал, кинотеатр көптеген адамдардың сүйікті демалыс орны болып табылады. Осындай демалыс орнына келіп, фильм тамашалаған курсанттардың көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды әрі жақсы әсер қалдырды.


Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан, жалпы назар жастарға  аударылуы керек.

Абзал Анварұлы Әбдәлі

ҒЗО-ның қызметкері
полиция капитаны