Қырағы курсант

2019 жылдың 12 қаңтар  айында  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанты полиция қатарындағы Әлі Елнұр «Эллада» дүкенінен азық-түлік ұрлаған  күдіктілерді ұстап алды.

Полиция қатарындағы Әлі Елнұрдың айтуынша: «Бұл күні, сейілдеме уақытында,  «Эллада» дүкеніне азық-түлік алуға кірген болатынмын. Осы уақытта дүкеннен  ұрлық жасап шығып бара жатқан  екі азаматты байқап қалдым. Олардың соңынан шыға сала, «ТОҚТА! ТАПЖЫЛМА!» деп күдіктілерді ұстадым. Одан әрі күдіктілерді ұстап  дүкенге алып кіріп, «Эллада» дүкеншісіне апарып, олардың азық-түлікті  жымқырғанын айттым. Күдіктілер өз істеген істерін мойындады. Осыдан кейін,  3 курс курсанты «102» нөміріне телефон шалдым. Кешікпей оңтүстік жедел тобы қызметкерлері келіп, күдіктілерді оңтүстік полиция бөліміне алып кетті. Күдіктілер «Эллада» дүкенінен ұрлық жасағандарын  растады».

«Эллада» дүкенінің дүкеншісі және өз кезегінде, ЖК «Жаканов А.Н.» Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанты полиция қатарындағы Әлі Елнұрдың ерлігі, қырағылығы мен батылдығы үшін Академия басшылығына үлкен алғысын білдірді.

Баспасөз қызметі