Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтті

Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтті Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы№ 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. Диктант бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылды.
14 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да белсене қатысты.

Диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Оқу залында өткізілген 30 минутқа созылған диктантқа бірінші, екінші, үшінші курс курсанттар қатысты. Бекітілген диктант мәтіні 80-90 сөзден тұрды. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесі бойынша «Рухани жаңғыру» атты тақырыбында арнайы парақтарға диктант жазылды. Қатысушылар алдымен мәтіннің аудиожазбасын тыңдап, одан соң аудиожазба арқылы жазуын бастады.
Негізгі шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Сонымен қатар, академия курсанттарының жаңа латын әліпбиіне деген көзқарасы мен танымын тереңдету болып табылады.
Ұлы ағартушыларымыздың бірі А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазу мен сөйлесу, ауызбен сөйлесуден артық. Сондықтан сөйлеу білу қалай қажет болса, жаза білудің керектігі одан да артық» деп кемеңгерлікпен айтқан сөзі бүгінгі заманға сай келеді.

Тілдер кафедрасы.