Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат табысталды

Академияның қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курсының екінші кезеңі «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының бағдарламасы бойынша 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілген болатын.

Мемлекеттік тілді оқыту курсында оқитын қызметкерлер осы кезең бойынша желтоқсан айының басында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ұсынған  Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік диагностикалық тестілеуден өтті.

2018 жылғы 25 желтоқсанда Академия қызметкерлеріне диагностикалық тестілеудің қорытынды нәтижелері бойынша мемлекеттік тіл курсын табысты аяқтағандары үшін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлмира Талғатқызы А2 базалық деңгей, В1 орта деңгей бойынша сертификаттар табыстады.

Сертификат алған қызметкерлерді құттықтай келе, Академиямызда мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуына тағы бір тың күш қосылды деп есептейміз.

мемлекеттік тіл бөлімшесінің

инспекторы,

Бибінұр Нұрбекова