«Мұз сарайына» cаяхат

2018 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 311-312 оқу топтары куратормен бірге ҚР Тәуелсіздік күніне арналған демалыстарына орай «Мұз сарайына» барды.

Уақытымыз өте қызықты да, көңілді және де тиімді өтті. Мұз айдынынан кейін біз дәмханаға барып ас іштік. Содан кейін далада серуендедік.

Қостанай қаласы өте әдемі жаңа жылдық көңіл күй беретін әртүрлі жанатын заттармен безендірілген. Жол бойы суретке түсіп, уақытты өте көңілді өткіздік. Куратормен және де курсанттардың арасында қарым-қатынасты нығайттық.

311 оқу тобы

командирінің орынбасары

Сайлауова Малика