Зияткерлік ойын

Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.

Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

2018 жылы 21 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушыларымен А.Б. Ақылбековамен, М.К. Смагуловпен, А.А. Қаражанмен бірлесіп Академияның акт залында КОФ 2-курс курсанттарымен зияткерлік — танымдық «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты ойыны ұйымдастырылып өткізілді.

Ойынның мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арнап курсанттардың Академияда меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан — жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан — жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Ойынға 6 команда қатысты.

Әділқазы алқасы: Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент, полиция подполковнигі Қ.Р. Сарықұлов. және.Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Қ.Ө. Карабеков.

Ойын төрт кезеңнен өтті. Ойынның соныңда әділқазылар ойынға сараптама жасап, жеңімпаздарды атап марапаттады.

Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры

А.Б. Ақылбекова