Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік!

Осы атаулы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 27 жылдығын тойлады.

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке біздің еліміз -оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл Қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш береді.

Осы атаулы мерекеге орай 2018 жылдың 16-17 желтоқсан күндері Алматы қаласында Ильич Чайковский атындағы музыкалық колледжінің қабырғасында «Нұрлы жастар – өнер орталығы» қолдауымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» Республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, әншілік және бишілік қабілеттері бар,  дәстүрлі ән орындауға икемденген, ақындық дарындылыққа ие 3 – 22 жас аралығындағы балабақша мен білім беру мекемелерінің оқушылары мен жасөспірімдер қатыса алды. Аталған байқаудың ұйымдастырушылары  «Нұрлы жастар – өнер орталығы».

Сонымен қатар, атаулы байқауға біздің оқу орынымыздың курсанттарына қатысуға мүмкіндігі беріліп, хореография үйірмесінің қатысушылары жіберілді. Академия курсанттары белсенді қатысып, «Хореография» номинациясы бойынша  II-дәрежелі лауреатына ие болды.

Байқауға қатысып, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының атағын көтеріп, әсіресе екінші орынға ие болғаны үшін, Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов қатысушылар курсанттарын ресми түрде құттықтады!


Академияда тәрбие жұмысы ішкі істер органдарының имиджін көтеруге бағытталған, жыл сайын біздің курсанттарымыз республикалық, облыстық және қалалық іс-шараларға қатысып, жоғары орындарға иеленеді.

Тәрбие жұмысы бөлімі