Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы «Қоғамдық сананы жаңғыртудың элементі ретінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел «9 желтоқсан — халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес» күнін атап өтуге байланысты жоспарланған болатын. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, Академия курсанттары тарапынан құрылған «Жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы» клубының мүшелері, 1-3 курс курсанттары қатысты.

Сонымен қатар дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қадырбаев Жомарт Мұратбекұлы шақырылды.

Жомарт Мұратбекұлы қатысушылардың назарына «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке, қоғамға тигізетін зиянды жақтары жайында баяндап, қызметкерлер тарапынан болатын құқық бұзушылықтар туралы мысалдар келтіріп өтті.

Академияның «Жемқорлыққа қарсы жастар бастамасының» мүшесі 3 курс курсанты Дуамбеков Д. жастар бастамасының атқарған қызметі жайында мәліметтер ұсынды және де жастар бастамасының күшімен түсірілген «Коррупция — смерть» фильмі көрсетілді.


ҚҚАҚжК кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры Суйеубаева З.М.