Спорт-адам өмірінің кепілі

Ата-бабамыздан қалған асыл сөздерді ескерсек ерте замандардан бастап, спорттың адам өмірінде алған орнының өлшеусіз болғанын айтуға болады. Ұлы ойшыл Ибн Сина «спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты» деген екен. 1 курс жеке құрамы да осы тұжырымдарды қолдай отырып, мереке күніне арналған демалыстарын үстел теннисіне арнады. Ойынды ұйымдастыру мақсаты: қимыл-қозғалыстың тездігі мен шабуылдың шапшандығын және техникалық қиыстырулардың кенеттілігін үйрену. Үстел теннисі болашақ жастардың сүйікті спорт түріне айналған. Әрбір ойынның шарты бойынша бәрінен озып, шапшандығымен көзге түскен топтар марапатқа ие деп танылды. Олар:

1 орын-10 взвод жеке құрамы

2 орын-1 взвод жеке құрамы

3 орын-8 взвод жеке құрамдары ие болды.

Қорытындылай келе, үстел теннисін дамытуына үлес қосып жүрген курс басшылығына алғысымызды айтамыз!






1 курс курсанты

полиция қатарындағы Бакбаева Аида