«Заң және тәртіп» пікір-сайыс клубы Астанада

2018 жылдың 8-9 желтоқсан күндері Астана қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қабырғасында «Аманат» ПК ұйымдастыруымен, ҚР тұңғыш президенті күніне арналған «Латын әліпбиі – Мәңгілік елдің кемел болашағы» дәстүрлі III Республикалық пікір сайыс турнирі өтті. Бұл іс-шараға қатысқан ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Заң және тәртіп» пікірсайыс клубы жүлделі 3-ші орынға ие болды. Жүлделі 3-ші орынға ие болған Қостанай академиясының «Заң және тәртіп» пікір-сайыс клубының мүшелері: 4-ші курс курсанты, полиция кіші сержанты Кайырбекова Айжан,3-ші курс курсанттары, полция қатарындағы Алнашев Аслан және Ахметов Дархан, сонымен қатар 2-ші курс курсанты,полиция кіші сержанты Кусаинова Айнур.

Дода Британдық-Парламенттік форматта әрі қазақ тілінде өткізілді. Пікір-сайысқа 52 фракция қатысқан болатын. Ауқымды жарысқа Қазақстанның бірнеше аймақтарынан келген көптеген студенттер қатысты. Жан-жақтан келген қонақтарды ҚазАТУ-нің «Аманат» ПК керемет көңіл-күймен, ерекше қонақ жайлықпен қарсы алды. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының пікірсайысшыларын жеңістерімен құттықтап , алдағы уақытта жеңістерімен академиямызды қуантарларына сенеміз.

психологиялық жұмыс орталығының

оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

В.С.Касенова