Шырақбек шәкірттері футол алаңында

Ағымдағы жылдың 9-шы желтоқсанында Шырақбек шәкірттері арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 1 курс жеке құрамының арасында өткізілді. Спорттық іс-шараға барлық взвод ат салысып, оның ішінде бірегейлері озып шықты. Жарыстың өткізілу мақсаты: курсанттардың спортқа деген талаптарын арттырып, дені сау, елдігі мықты, намысты қолдан бермес жас полиция мамандарын дайындау. Ойын талаптары бойынша жеңіске тек 3 команда лайықты деп танылды.

Олар:

102 взвод жеке құрамы 1 орын;

109 взвод жеке құрамы 2 орын;

107 взвод жеке құрамы 3 орынды иеленді.

Курс басшылығының шешімімен 102 взвод жеке құрамына кезектен тыс сейілге шығуға рұқсат беріліп, қалған командаларға взвод құрамынан 2 баладан шығуға шешім қабылданды. Осындай жарыстарды ұйымдастыру арқасында спорт саласына деген қызығушылығымыз одан әрі арта түсті. Осындай жарысты ұйымдастырғаны үшін, 1 курс жеке құрамының басшылығына рахметімізді айтамыз.









курс курсанты

полиция қатарындағы

Бакбаева Аида