Бар жанарды жаулаған «Жайдарман»

Бүгінде жалынды жастарымыздың басын қосқан «Жайдарман» (көңілді тапқырлар клубы) әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастарымыздың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды.

«Жайдарман» — қазіргі таңда телеарнада көрсетіліп, көптеген ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі болып табылады. Көптеген адамдардың жүрегіне жол таба білген бұл ойынның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында.

2018 жылғы 03 желтоқсан күні Е.Өмірзақов  атындағы филармонияда өткен «Жайдарман» ойыны өтті. Басты жүлде ретінде Қостанай облысы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Ойынға «Боранқұл», «Евразият», «Бес жаңалық», «Құрдастар», «Дарын құрамасы», «РИИ жастары» және «Жаңа ғасыр» деген командалар қатысқан болатын. Катысушы командалар сахна мәдениетi мен шеберлiгi, сөйлеу мәнерi, ой ұшқырлығы және т.б. шығармашыл жастардың шеберлiктерiн көрсеттi. Ойын қорытындысы бойынша бас орынға ие болған «Жаңа ғасыр» командасы болатын.


Жалпы, ойын жайында айтатын болсақ, кеш көңілді болды.  Осы ойыншылар сыйлаған көңіл-күй алдыңғы күнге деген бір позитив сезімін берген деп ойлаймын.

202 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В. Касенова