АКАДЕМИЯДА — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

2018 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты бас қосуды Академияның бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өзінің құттықтау сөзімен ашып, барлық әріптестерді ертеңгі Еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен шың жүректен құттықтады.

Құрметті офицер мырзалар мен курсанттар!

Бізді, бір Отан, бір Тағдыр, біріктіріп отыр.

1 желтоқсан – Тұңғыш президент сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлының барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабаларымыздың  тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды.

Бұл  күні  барлық қазақстандықтар өздерінің этностық және діни сеніміне  қарамастан, мемлекет басшысының Еліміздің тұрақты дамуының іргетасына  айналған идеясы  мен саясатының төңірегіне топтасып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шеқарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей Біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

Біз, қазақстандықтар, дамудың өзімізге тән қазақстандық жолын таңдап алдық, оны бүкіл әлемдік қоғамдастық мойындап отыр.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, игілік, табыс және сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін Академияға және Ішкі істер органдарына еңбегі сіңген бір қатар қызметкерлерді марапаттап, Ішкі істер Министрінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды және мерзімі келген кейбір офицерлерге арнайы атақтарын табыс етті.

Салтанатты жиын соңы, Академияға қонаққа келген өнерпаздардың және Академия курсантардың концерттік бағдарламаларына ұласты. Міне осылай академия қызметкерлері Еліміздің Тұңғыш Президенті күнін әдемі көңіл күймен қарсы алып, бір- бірлеріне алғыстарын жаудырды.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты

Е. Кишкентаев