Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мектепте өткен дәріс

2018 ж. 22 қарашада Қостанай облысы бойынша Білім бөлімінің Заречный орта мектебінде Академияның 2 курс курсанты полиция кіші сержанты Құсайынова А. және 3 курс курсанты полиция қатарындағы Әділдәбеков Д. мектеп оқушыларымен Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры З.М. Суйеубаеваның жетекшілігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді.

Сыбайлас жемқорлық – тек жай ғана құқық бұзушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады. Азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес. Негізінен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу маңызды рөлді атқарады. Жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың стандарттарын енгізу, түсіндіру тек жас шағынан бастап бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Сол себепті мектеп оқушыларына жастар көзімен сыбайлас жемқорлықтың теріс жақтарын, келтіретін зиянын түсіндіру тиімді болып табылады.

Сонымен қатар ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарының бастамасымен ашылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасының (МАИ)» жұмысымен осы топтың мүшесі болып табылатын курсант Д. Әділдәбеков таныстырып өтті.

Оқушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері мен осы саладағы жетістіктері жайында қызығушылық танытты.

ҚҚАҚжК кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Суйеубаева З.М.