3 курс курсанттары арасында ұйымдастырылған «Жауынгерлік парақ» сайысы

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары арасында курс басшылығының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні атаулы мерекесіне орай «Жауынгерлік парақ» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс шарты бойынша курсанттар еліміз үшін айрықша маңызға ие мерекеге арнап өздерінің бар өнерлерін ортаға салып аталмыш «Жауынгерлік парақты» шығарулары тиіс еді. Аталған сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды 309-оқу тобының курсанттары, екінші орынды 310-оқу тобы және үшінші орынды – 306-оқу тобының курсанттары  иеленді.  Сондай-ақ, алдағы уақытта келе жатқан мерекелік күндерге орай курсанттардың бос уақыттарын тиімді әрі ұтымды пайдаланып жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде тәрбиелік маңызы зор мәдени-бұқаралық және спорттық-көпшілік іс шаралар. Жалпы, «Жауынгерлік парақ» сайысы курсанттардың әскери-патриоттық рухын көтеру, сонымен қатар олардың рухани байлықтарын арттырып дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

курсанттар баспасөзінің мүшесі

полицияя қатарындағы

3 курс  курсанты

Канатчина Э.