«Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды» іс-шараға қатысу

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» — ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, осыған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі келе жатқан ұрпағымызға табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы қажет, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу біздің Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада қозғалып, тиянақталған.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Н.Назарбаев, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курстың 201 және 202 оқу топтарының курсанттары қалалық КБ «Южный» кітапханасымен ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шараға  құрметті қонақ ретінде тәуелсіз еліміздің руханиятына, театры мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, мәдениет қайраткері, Қостанай меценаттар клубының 2010 жылғы «Қазына» премиясыын лауреаты Иманов Қаблул-Мәжит Сүндетұлы қатысты. Қазақ ететін құндылықтар, қазақ қасиеттер жайлы тағылымды әңгіме айтып тұған тілде тәрбие берілуі қажеттігі туралы сөз қозғады. Әңгімелесу барысында М. Мақатаевтың «Арманда» деген өлең оқып, курсанттардың арасынан 201 оқу тобының курсанты полиция қатарындағы Нұрбол Есенұлы М. Мақатаевтың «Дос болам десең» жауап ретінде мәңерлеп айтқан болатын.

Қостанай қаласының мектеп оқушылары Муканова Анеля мен Данияров Ораз «Адай» күйін орындап іс-шараның сәні бола білді.


Мақала сонында, дәстүрімізді дәріптеп, құңдылықтарымызды құнттап, ұлттық болмысымыздан айырылмай егемен еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік, деп айтқымыз келеді.

201 топ кураторы

полиция аға лейтенанты

 А. Мұрат

202 топ кураторы

полиция капитаны

В. Касенова