Тәуелсіздік – ел бақыты

Қазақ халқы қаншама қиындықтармен қилы замандарды бастан кешірген көреген халықтардың бірі. Ата-баба рухын биік ұстап, жалауды ерлікпен тыныштыққа бағындыра білген намысты елдің бірегейі. Сонау мың  ғасырлық тарихқа шолу жүгіртсек, дана халқымның басынан кешпеген қиындығы қалмағаны барлығымызға аян. Міне, сол тұстарда Абылайдың ізін жалғаған, батырлардың арманын арқалаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-еліміздің қорғаны мен тірегі. Қиындығы мен қуанышын бірге көрген, саяси мықты экономикасының арқасында бірегей де жас елдердің мақтанышы болдыра білген ғаламат тұлғалардың бірі. Қазіргі заманда терезесі басқаларға қарағанда әлдеқайда биік, жас саясаттың озық үлгісінің символына айналған мықты халықтың біріне айналды. Осының барлығы Елбасымыздың ерең еңбегімен жеріне сүйіспеншілігінің арқасы деп білемін. Жаңа Қазақстанның болашағы мен ертеңі осындай ұлы адаммен байланысты болғанын мақтанышпен қуана айта аламыз. Жерін тыныштыққа шақырып, халқын бірлікке талпындыра білген, қыран құстың қанатының астына жинап, ұрпағын ұлағаттап, келешектің кілтін ұстатқан саясатшыл өр тұлға.

Қасым хан қасқа жолмен ел бастаған,

Есім хан ескі жолмен із тастаған.

Бүгінде жаңа тарих беті ашылып,

Нұрсұлтанның нұрлы жолы жарқыраған.

полиция қатарындағы

1 курс курсанты

Бакбаева Аида