Тәуелсіздік

Кемеңгер ұлт қазақ деген қашанда,

Кең даласын ат үстінде қорғаған.

Азаттықтың, еркіндіктің қадірін,

Біле білген асыл текті сол бабам.

Тәуелсіздік оңай бізге келмеді,

Талай боздақ ұлтым деп шын терледі.

Талай қазақ атқа қонып топ бастап,

Бостандық деп ақ найзасын сермеді.

Тағдыр бізге оны оңай бермеді,

Азаттық деп сөз бастаған қазақтың.

Жазықсыздан жан бергені кембе еді,

Барыңменен бақытыңа көз тігіп.

Байлығыңа басын сұққан жердегі,

Көзін жауып көкірегін қазақтың.

Қаймақтарын жаппай көрге жерледі,

Бастайтын ер қостайтын ел табылмай.

Қазақ халқы рухани шөлдеді,

Аштықтан да қанша қазақ қырылып.

Халқым шіркін жарқын өмір көрмеді,

Кеше ғана желтоқсанның жастары.

Қыршын кетіп тәуелсіздік жолында,

Азаттық деп қазақтың деп ерледі.

Қанша қазақ қырылғанмен бәрі-бір,

Рухы биік ұлт шырағы сөнбеді.

Оңайлықпен осалдықпен келген жоқ,

Бүгінгі өмір бақытты күн сендегі.

Қадірлей біл қазағым бар бағыңды,

Сақтай білгін қолыңдағы барыңды.

Тәуелсіздік таңы еркін күлімдеп,

Жатқан кезде шақтырма еш тауыңды.

____________________________________________________________________________ 

Астана

 

Атқан таңдай арайлап,

Атты қазақ ақ таңы.

Ер-жұртыма нұр шашқан,

Алашымның мақтаны.

Қазақта бар мұндай қала,

Дегенде ел сенбеді.

Елордамның өркендеуі,

Елбасымның еңбегі.

Махабаттың қаласы ол,

Ашығындай аспанның.

Келісімнің қаласы ол,

Мекені ол жастардың.

Ордасы ол қазағымның,

Жетістігі бүгінгі.

Алғаш болып  жарқыратқан,

Күллі әлемге күніңді.

Армандаған бабам қазақ,

Армандаған сақ бабам.

Арман қала Астанаммен,

Қуанам мен мақтанам.

___________________________________________________________________________________

Курсант

Бойында бар жастық жігер ар намыс,

Жалындаған қыран бүркіт қар барыс.

Курсант деген тау көтерген толағай,

Ол ертеңгі елін қорғар Алпамыс.

Ол тәртіп пен мәдениет үлгісі,

Ол Отанның патриоты жыр күші.

«Құл болмайсың бағынсаң сен тәртіпке»,

Деген екен Бауыржандай ер кісі.

Жылы жүрек Ыстық қайрат Нұрлы ақыл,

Өмірінде курсанттың бір сыр жатыр.

Біле-білсең білімбей жүріп, көрінбей,

Курсант дейтін өзінше ол бір батыр.

Жалғасы ол аға буын алыптың,

Курсант жаны бос ермектен арылған.

Жаратылған тектілік пен сабырдан,

Жаңға сіңген МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК!

Айналуда алпыс екі тамырдан.

Тамақ сабақ ұйқы бәрі уақытта,

Постқа тұрып үлгереміз жатып та.

Тапсырманы орындаймыз қарамай,

Суық күнге не бір ыстық ашыққа.

Білім алдық санаға нәр жинатып,

Дайындалдық бұлшық етті ширатып.

Достарыңмен бірге жүріп бір көрген,

Қиын күндер оның өзі бір бақыт.

ҚР ІІМ  Ш.Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының

полиция қатарындағы

2 курс курсанты

Ерболат ЛАШЫН