Курсанттардың демалыс күнін өткізу

ҚР ІІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Н.Маханбетов  207 оқу тобымен 2018 жылы 18 қараша жексенбі күні серуендеуге шықтық. Осы күні ең алдымен «Қазақстан» кинотеатрына жол тарттық. Курсанттар  интеллектуалды ойлау қабілеті мен логикалық қабілеттілікті арттыра білді. Кино көріп қана қоймай, орталықтын әсем жолдарымен жол тарта отырып, фото суреттерге түсіп, орталық ойын саябағына келдік. Ол жерде біздің курсанттарымыз үшін қажетті «тир», яғни ату ойынын ойнады. Жігіттер нысанаға тигізіп, сыйлықтар ұтып алды. Қыздарымызда қалыспай бірі тигізбей, бірі тигізіп жатты. Курсанттарға бұл күн қызықты өтті. Жалпы бұндай сейілдемелер курсанттар үшін күнделікті оқу мен тәртіптен шаршаған кезде, қоғаммен бірге араласа отырып, сана сезімдері тазарып, жаңа күнге аяқ басуға үлкен септігі мол деп білемін. 207 оқу тобының ұйымшылдығы жоғары және оқуда да алдыңғы қатарда. Бұл оқу тобымен өткен демалыс күніміз әрі қызықты, әрі көңілді оқиғалармен есте қалмақ.


Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры  Н.Маханбетов