Академия курсанттары  қайырымдылық кешіне қатысты

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары Шаймерденов Эмирханға арналған қайырымдылық  концертіне қатысты.

Атадан ұл туса — құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса — күң боламын деп тумайды — демекші, шыр етіп келген әрбір сәби өзінің кім болатынын біліп, болжай алмайды. Өмірдің күрделі сынағына қайырылмай қарсы тұруына, ата-анасына материалдық тұрғыдан азда болса да қолдағы бар нәрселермен көмегімізді көрсетіп концерт өткіздік. Әрине, бұның барлығы рухани жағынан қолдау, әр ата-анаға көз алдында шамының сөніп бара жатқаны қатты ауыр тиеді. Кім өзінің ұл-қызының ауырып қиналғанын қалайды дейсіз. Бұрында ажем айтатын: «Бұрында әкелі-балалы бірігіп ұры болған екен, бір рет емес бірнеше рет ұрлыққа түсіп, іздеуге берілгенде ұсталып, екеуіне де он мың дүре соғу жазасын өтеуге жазаланады екен. Сонда қараңызшы, дүремен әкесін соғып жатқанда әкесінің аузынан бір ыңқ еткен дауыс шықпайды екен, ұлына кезек келгенде әкесі шырпыр болып ұлының қиналғанына шыдай алмай талып қалыпты. Сонда әкесінен сұрағанда әкесі айтады екен, ұлымды жазаламай-ақ қойыңыздаршы, ол менің бауыр етім, балам ғой, оның орнына мені жазалаңыздаршы»- деген екен, бұл сөзіммен нені айттым келді, қандай ата-ана болса да перзенттінің қиналғанына шыдай алмайды, сондықтан айтады ғой аналарымыз ұл-қызымның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсе екен деп, бұл сөздердің барлығы бекерден-бекер шыққан емес. Біздің қолдан тек әлеуметтік жағынан, рухани жағынан, материалдық жағынан, ниеттеріміз бен дұғаларымызбен көмектесе аламыз. Қостанай қаласының жастарының ауыз біршілігін осы жерде ескере кетуге болады, бұл концертті ұйымдастырып, қойып жатқан Қостанай жастары. Осылардың ішінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясыныңда курсанттары өнерлерін паш етті. Көп түкірсе көл болады демекші, қайырымдылық концертімізді өткіздік, бір жағынан  көңілін көтеруге, ата-анасын серкітуге де бағытталған болатын.

«Талант, білім, еңбекпен асқан бағы,

Құлай сүйген өмірді жастан жаны.

Жүрсе-дағы жер басып көппен бірге,

Ал жұлдыздың бірісің аспандағы» дей келе, інімізге алдағы уақытта денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат, армандаған армандар тілектеріңе жете бер, бастысы алдағы келе жатқан операцияң сәтті аяқталып6 біздің ортамызға аман-есен оралуыңа тілекшіміз. Бұлақсыз көл суалады, баласыз ел суалады дегендей, еліміздің болашақ көркі де, гүлі де, аспандағы күні де ол бүгінгі өскелең ұрпақтар. Қорыта айтқанда, ауырмайық достар!

Курсанттар баспасөз мүшесі

полиция қатарындағы

2 курс курсанты

Мақсетова Гүлнұр