«Тұғыры биік тұлға»


Ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша аралығында Академияның жалпы кітапханасының оқу залында «Тұғыры биік тұлға» атты қазақтың тұңғыш генералы Шырақбек Қабылбаевтың  туған күніне орай кітап көрмесі және оның өмірі мен еңбек жолы тарихын кеңінен насихаттау  мақсатында биылғы жылы оқу орнымыздың табалдырығын алғаш рет аттап отырған  1 курс курсанттарына  әңгіме сағаты ұйымдастырылып, өткізілуде.

«Тірі өледі, жер қойнауы жатағы, Із қалады, болса жақсы атағы» деп Жүсіп Баласұғын айтқандай кезінде екі рет ұзақ жылдар Республиканың Ішкі істер министрі болған, Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ішкі қызметтің генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаев бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Қарашоқы деген жерде 1908 жылы 9 наурызда дүниеге келген.


Ол советтік дәуірде жасап, оның ыстығына күйіп, суығына тоңып, әкімшіл-әміршіл жүйемен коммунистік идеологияның шектеулеріне көне, төзе жүріп, өз халқына адал қызмет көрсете білген тұлға.

Қазақстанның тарихында 12 жыл бойы Министрліктің туын қолына берік ұстаған тұрлаулы, тұғырлы қолбасшы тек қана генерал-лейтенант Ш.Қабылбаев болды.

Ш. Қабылбаев уақыттың тығыздығына қарамай өнер, поэзия, өз өлкесінің әдебиеттерін ғана емес әр халықтың, сонымен қатар әлем әдебиет оқуға да үлкен мән бере отырып, қазақтың көрнекі жасушылары С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Б. Момышұлы тағы басқа да ақын-жазушылар, өнер, ғылым адамдарымен де жақсы қарым-қатынаста болды.


Кітап қорының өте құнды бөлігінің бірі —  Шырақбек Қабылбаевтың 460 дана кітаптан тұратын жеке кітапханасы оқу залында орналасқан.

2015 жылдың 6 наурызында Шырақбек ағамыздың отбасы, кезінде өзі жинаған қызықты да танымдық жеке кітапханасын біздің академиямызға сыйға тартты.

«Шырақбек Қабылбаев» атты естеліктер жинағында Ш. Қабылбаевты жақсы білетін ұзақ жылдар бойы онымен қызметтес болған үзеңгілес жолдастары мен серіктері, өмір бойы аралас-құралас жүрген дос –жарандары мен туыс жекжаттарының берілген жылы лебіздері  жөнінде кітапханашылар мен курсанттар үзінділер оқып, өз пікірлерімен бөлісті.

Осынау тамаша адамның өмірі, халқының адал ұлы, еліне елеулі еңбек сіңірген жан өзін отанымның патриотымын деп санайтын жас буын үшін үлгі-өнеге.

Жалпы кітапхана