Qazaqstanda latyn grafıkasy negizinde jalpyhalyqtyq dıktant ótedi 13.11.2018 Atalmysh sharaǵa, Qazaqstan Respýblıkasy IIМ Shyraqbek Qabylbaev atyndaǵy Qostanaı akademııasy belsene qatysady. Qostanaı akademııasynda 14 qarasha kúni saǵat 11.00-de akademııa qyzmetkerleri men birinshi, ekinshi, úshinshi kýrs kýrsanttary jappaı dıktant jazatyn bolady. Dıktantty arnaıy belgilengen oryndarynda, mátin aýdıojazba túrinde tyńdap, latyn grafıkasynda jazylady. Osyǵan oraı, tilder kafedrasynyń oqytýshylary dıktant jazý týraly aldyn ala aqparattandyrý jumystaryn júrgizilýde. Arnaıy shaqyrylǵan Tilderdi oqytý ortalyǵynnyń qyzmetkerleri akademııa qyzmetkerlerge men birinshi, ekinshi, úshinshi kýrs kýrsanttarǵa túsindirý jumystaryn júrgizip, dıdaktıkalyq materıaldar (Latyn grafıkasyna negizdelgen qazaq tili álipbıi, arnaıy paraqtar) taratyldy. Osy sharaǵa kýrsanttar belsene qatysyp, uıymdastyrylǵan tapsyrmalarǵa múdirmesten jaýap berip, latyn grafıkasyna qatysty ózekti suraqtar qoıyldy. Birneshe tildi erkin meńgergen kýrsanttar ınternet keńistigine erkin enýde jáne latyn grafıkasyn qoldanýdyń asa qıyndyq týdyrmaıtyndyǵyn ańǵaryp otyr. «Jumyla kótergen júk jeńil», — dep dana halqymyz aıtqandaı, bárimiz birge qoldap, naqty qadammen alǵa basaıyq! Tilder kafedrasynyń aǵa oqytýshysy polıtsııa maıory L. Kınjebaeva. Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді Аталмыш шараға, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы белсене қатысады. Қостанай академиясында 14 қараша күні сағат 11.00-де академия қызметкерлері мен бірінші, екінші, үшінші курс курсанттары жаппай диктант жазатын болады. Диктантты арнайы белгіленген орындарында, мәтін аудиожазба түрінде тыңдап, латын графикасында жазылады. Осыған орай, тілдер кафедрасының оқытушылары диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстарын жүргізілуде. Арнайы шақырылған Тілдерді оқыту орталығынның қызметкерлері академия қызметкерлерге мен бірінші, екінші, үшінші курс курсанттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дидактикалық материалдар (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылды. Осы шараға курсанттар белсене қатысып, ұйымдастырылған тапсырмаларға мүдірместен жауап беріп, латын графикасына қатысты өзекті сұрақтар қойылды. Бірнеше тілді еркін меңгерген курсанттар интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың аса қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», — деп дана халқымыз айтқандай, бәріміз бірге қолдап, нақты қадаммен алға басайық! Тілдер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Л. Кинжебаева