Кітап — алтын қазына

2018 жылдың 1 қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары бекітілген кестеге сәйкес, Академияның кітапхана қорынан ұсынылған 100 кітаптарды оқуын бастады.
Кітапхана қорында негізінде көркем әдебиеттер, оның ішінде Шырақбек Қабылбаевтың қызметі туралы, Абайдың қара сөздері, Ы. Алтынсаринның шығармашылығы туралы және тағы да басқа кітаптар бар.
Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейеді, ойлау қабілеті артады, адам өз пікірін жеткізе алады, сонымен қатар, оқу логикалық ойлауын дамиды.
Жоғарыда аталған іс-шара мәдениет университеті жобасының шеңберінде өткізіледі. Мақсаты: курсанттардың белсенді өмірлік ұстанымын, жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, әдебиет, өнер, ғылым саласындағы білімдері мен жетістіктерін насихаттау; курсанттар мен қызметкерлердің мәдени ой — өрістерін кеңейту, жалпы білім беру деңгейін арттыру, рухани-адамгершілік, мәдени-эстетикалық, этика, эстетика, отбасы мәселелерін, қоғамда өздерін ұстау ережелерін қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы
полиция аға лейтенанты Д. Альжанова