Естен кетпес мерекелік ісшара

2 курс курсанты Калиханова Гульжихан Азирханқызының ата-анасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына және қызметкерлерге  өз алғысын білдіріп, ІІІ жыл сайынғы үздіктер слетімен құттықтады.

Сіздерді оқу ордаларыңыздың тарихындағы аса маңызды күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін оқу үздіктерін марапаттау дәстүрін жалғастырып жатырсыз. Бүгінгі болашақ полицияның, алтын көпірін жалғастырушы өкілісіздер.

Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өздеріңіздің қызметтік міндеттеріңізді тиімді орындауына, жоғары рухани құндылықтармен және адамгершілік жеке қасиеттерімен кәсіби — маман дайындауда қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін.

Мерекелі ісшарадан біздер, естен кетпес естеліктерге толы болып қайттық.


Құрметпен, Туребеков Азирхан  Қалиханович.