Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ІІМ ОӘДК, облыстардың ІІД ОӘДК-нің сарапшы – психологтарының біліктілікті арттыру курстарын өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының психологиялық жұмыс орталық базасында 2018 жылғы 22 қазан – 03 қараша аралығындағы ІІМ ОӘДК, облыстардың ІІД ОӘДК-нің сарапшы — психологтарының біліктілікті арттыру курстарын өтті.

Психологиялық жұмыс орталығының бастығы полиция полковнигі
О. Чиржова дәріс және тәжірибелік сабақтарды «Тәжірибелік диагностика» курс тақырыптар бойынша өткізді: «ІІО-да мамандар мен лауазымдарды кешенді зерттеу, ІІО-дары қызметкері лауазымының  психологиялық сапасы мен мамандыққа қойылатын талаптарын анықтау», «Негізгі психодиагностикалық әдістемелердің мінездемесі мен топтастырылуы. Тәжірибе  қызметінің құралдарына психодиагностикалық әдістемелерде қойылатын негізгі талаптар», «Тұлғаға кәсіби психологиялық диагностика жасаудың негізгі әдістемелері және ІІО қызметкерлерімен жұмыс жасау кезіндегі осы әдістемелерді қолданудың ерекшеліктері», «ІІО қызметкері тұлғасының психикалық жағдайы мен қасиеттерінің диагностикасы», «Жүйке-психикалық тұрақтылықтың, суицидалдық тәуекелдің, деструктивтік мінез-құлықтың диагностикасы», «ІІО қызметкерінің жеке қасиеттерін бағалау үшін қолданудың мақсатқа лайықтылығы және жеке тұлға диагностикасының проективтік әдістемелері» және басқа.


Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін Қостанай қаласының мықты маман-психологтары шақырылды.

Қостанай ст. (К) ІІД инспектор-психологы полиция капитаны В.Осипова профайлинг бойынша мастер-клас өткізді. Психологтар оңды және теріс эмоцияларын тану, жалғанды және алдауды қалай байқау керек екенін жаттыққан болатын.



Қостанай облысы бойынша ТЖД кадр жұмыс бөлімінің инспекторы азаматтық қорғаныс капитаны Ш. Кабжанова суицидалдық және деструктивтік құлқын анықтау үшін проективтік әдістемелерін (мысалы, Сонди тесті) қалай қолдану керек екенін айтты. Тағы бір тәжірибелік сабақ адамды позитивті ойлауына және өмірдегі дағадарысжағдайларды анықтауға көмектесетін метаморфиялық карталармен жұмыс жасауға арналған болатын.

 

Қостанай облысы Полиция департаментінің аға инспектор-полиграфолог полиция майоры В. Шарапов сарапшы-психологтарға полиграфпен жұмысжасаудың ерекшеліктерін айтып, «Жалған айту детекторы» құралмен жұмыс жасаудың замануи әдістемелерін көрсетті. Тыңдаушылар ІІО-нда қызмет етуге үміткерді жарамды емес анықтауға болатын негіздерін анықтау үшін полиграфологты қолдану мәселелер қызықтырған болатын.



Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобасының басшысы Д. Абдуллина психологтың коммуникативтік қоңдырғы және құзыретті қалыптастыру бойынша тренинг өткізді.

Академияның педагогика және психология кафедраның аға оқытушы полиция майоры Е. Федотова медиативтік техниканы қолданып «ІІО қызметкерлерінің психоэмоционалдық жағдайларын түзету әдістері» тренинг жүргізді.



2018 жылғы 31 қазан күні Қостанай облысы бойынша ІІД ауруханасы мен емханасы ОӘДК-да Қостанай облысы бойынша ОӘДК төрағасы Б. Айтеновтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Дөңгелек үстел жұмысында қызметкермен психодиагностикалық жұмысын ұйымдастыру, есеп түрлерін бір қалыпқа келтіру және сарапшы-психологтардың тәжірибесінде қолданылатын замануи психодиагностикалық әдістемелердің қолдануға ұсынылатын тізімі қарастырылып талқыланды.


Тыңдаушылар оқу барысында жалпы кітапхананың кітаптар қорын пайдаланды. Біліктілікті арттыру курстарында оқыған әрбір тыңдаушыға психодиагностика және психологиялық түзету бойынша тәжірибелік және оқу-әдістемелік әдебиеттер бойынша электронды кітапхана, бейнефильмдер мен бейнероликтер бар ақпарат флеш электронды тасушыға көшіріліп берілді.


Тыңдаушыларға Қостанай қаласының тарихи және мәдени орындарына, Қостанай қаласының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.


Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін арттыру курстарын аяқтағаны туралы бекітілген үлгі бойынша сертификат тапсырылды.

Психологиялық жұмыс орталығы

полиция капитаны В.Касенова