Курсанттардың ардагермен кездесуі


2018 жылдың 1 қарашасында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушыларының кураторлық жұмысына сәйкес 105, 207, 303, 210 топтың курсанттары Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында біраз жыл қызмет атқарған  ардагер Жанар Саимовна Шопагуловамен кездесті. Ардагер курсанттарға өзінің Академияда қызметіндегі үлкен тәжірибесін және қызметтегі маңызды кезеңдерді айтты. Курсанттарға бұл ақпарат қызығушылық тудырды. Сұхбаттасу кезінде курсанттар қатарынан Жанар Саимовнаға көптеген сұрақар қойылды. Ардагер  курсантарға алдағы уақытта көптеген жетістіктер тілеумен кездесу аяқталды.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасы