Бір — біргеміз, берік іргеміз

Кураторлық сағат аясында, ұжымның қарым-қатынасын нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында,109 оқу топ курсанттардың арасында психологиялық тренингтер өткізілді.

Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.

Тренингкке курсанттар белсене қатысып, өздерінің көңіл-күйлерінің көтерілгендігі туралы әсерлерін шапалақтармен білдіріп отырды.

Курсанттар арасында «Атоммен-молекулалар», «Өз досыңды таныстыр», «Жыл мезгілдері», «Өмір құндылықтары» атты тренингттер жүргізілді.

Тренингтің басты жауапкершілік жаттықтырушыларға жүктеліп, үшінші курс курсанттарына Алгуатова Назерке мен Куйканова Балымға алғысымызды білдіреміз.

Топ курсанттары тренингтен алған әсерін жеткізіп, өздерінің ұсыныстарын білдірді. Аталған шара өз жалғасын табады.






109 оқу топтың жетекшісі

полиция майоры Кинжебаева Л.