1 оқу жылындағы магистранттар академия мұражайымен танысты.

Адам қай қоғамның мүшесі болмасын, қай уақытта өмір сүрмесін өз тарихын терең білуі қажет. Ұлт тарихы, адамзат баласы үшін құнды әрі асыл мұра, әлбетте өткенін білмейтін адамның өз болашығына үздік бастау алуы күрделі сұрақ. Сондықтан да аталмыш білім ордасының тарихын білу, оны құрметтеу, дәріптеу осы оқу ордасымен тығыз байланысы бар барлық тұлғаның міндеті іспеттес. Ұлы Абай мен генерал Арыстанбековтың көшелерінің қиылысынан орын тіреген аталмыш білім ордасының құрылуы мен бүгінгі күнге дейінгі даму жолы ауыз толтырып айтарлықтай өз алдына ұлы-тарих. Бұл тарихты акдемияның мұражайынан көруге болады.

2018 жылғы 2 қараша күні  ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 оқу жылындағы магистранттары Академияның мұражайымен танысты. Магистратураның оқытушы-әдіскері полиция майоры М.Ш.Галиевамен ұйымдастырылған мұражайға саяхат магистранттардың оқу ордасының тарихымен терең танысып, ой-өрістерін кеңейтіп, рухани тұрғыда дамытуына өз септігін тигізді. Танысу өткізілген соң, магистранттар Академия мұражайымен таныстырған тәрбие жұмыс бөліміне өз аттарынан алғыстарын білдірді.

1 оқу жылындағы магистарнт

әділет аға лейтенанты

М. Қабай