Аға буын өкілдерінің салиқалы әңгімелері

Академияның қалыптасқан дәстүріне сәйкес 1 қараша күні ардагерлер күні болып саналады. Осыған орай  қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминилогия  кафедрасының бастығы полиция полковнигі Марат Хайдарович Шалгимбаевтың бастауымен кафедра ардагерлері: Салькеев Жағалбай Каришевич және Жасубиев Сагынтай Толешевич  шақырылды. Ардагерлер  Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 1 курс 110,  2 курс  203, 201 және 3 курс 309  оқу топтарының курсантарымен кураторлық сағат шеңберінде академияның оқу залында кездесті. Кездесу барысында ардагерлер өздерін өмірі мен полиция қызметі туралы қызықты әңгіме өрбітті. Қызметке қалай келгендерін айтып, практиқада бастарынан өткен қызықты да қиын кезеңдерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып өтті. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды. Сұхбаттан соң, курсанттардың оқуға деген құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскені байқалды. Кездесу соңында, ардагерлермен  естелікке суретке түсіп, жайдары көңіл — күймен тарқасты.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны М.Қалқаманұлы