ҚОЯН – ҚОЛТЫҚ КҮРЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қоян-қолтық күрес, самбо, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа түрлері қызмет атқаруда. Осы аталған спорттың түрлерінің ішінде қоян-қолтық күресі балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тарап келеді. Аталған спорттың түріне жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мади Бақытбекұлы Абдрахманов жетекшілік жасайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір  салтын насихаттау, спортпен шұғылдану,  мақсатын  алға тарта отырып, 2018 жылдың 4 қараша күні Мади Абдрахманов бастаған балалар жасөспірімдер секциясы Қостанай облысы Октябрь ауылында Социалистік Еңбек Ері Довгань Василий Павловичті еске алуға арналған «Алтын дән» облыстық турниріне қатысты. Аталған облыстық турнирге балалар мен жасөспірімдер секциясының барлық бірлестіктері белсене ат салысты. Ісшара барысында турнир өте қызықты да тартымды өтті. Балалар мен жасөспірімдер алаңда салмақтарына қарай күш сынасты.

Облыстық турнирдің соңында, 1 орынды Қадыров Жандос, 2 орынды Абдарахманов Алихан, 3 орынды Жумабек Нұрбол мен Туремурат Қанат иеленді. Олар грамотамен және жүлделі медальдармен марапатталды. Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері бір – бірлерін жеңістерімен құттықтап, облыстық турнирден жақсы көңіл-күймен қайтты.

Осындай турнирлер балалар мен жасөспірімдер арасында жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр жауар! Жеңімпаздар тек қана алға, алға!

Баспасөз қызметінің хатшысы

О.Уақпаева