Күзгі Ханшайым мен Ханзада

Табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлап, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді. Осыған орай, 2018 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 1-3 курс курсанттары арасында «2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы» байқауы ұйымдастырылды. Аталған сайыс жыл сайынғы күзгі бал ретінде ұйымдастырылып өткізілді. Күзгі бағдарламаның қадірлі қонағы ретінде Академия бастығы полиция-генерал майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов шақырылды. Ресми бөлім аяқталып, қонақтар мен қазылар алқасы байқауға қатысушылар таныстырылғаннан соң байқауға көшпес бұрын кезек әсем әнге берілді.

Бағдарлама төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Шығармашылық нөмір», «Кешкі көйлектер дефиле-көрсетілімі» және «Жемістерден жасалған күзгі композиция». Бірінші кезеңде курсанттар музыкалық сүйелмелдеумен бейне роликтерді тамашалады. Екінші кезең үй жұмысы ретінде жасалған, қатысушылардың өз қиялы жететін ойымен әр-түрлі нөмірлерін көрсетуге мүмкіндік болды. Үшінші кезеңде курсанттар Күз тақырыбы бойынша өз қолымен тіккен көйлектерін жасап көрсетті. Төртінші кезеңде көрермендер жемістерден жасалған күзгі композицияларды тамашалады.

Байқаудың негізгі мақсаты — күндізгі оқыту факультетінің сайысқа қатысқан 1-3 курс курсанттары арасынан 2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасын атанды. Барлық тамашаланған концерттік нөмірлер күз тақырыбына арналып, ғажайып түрде ұсынылған.


Әділ қазылар шешімі бойынша  2018 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы 2 курс курсанттары Ерболат Лашын  мен Абугалиева Айжан тағайындалды. Байқау қатысушылары I,II,III орын грамоталарымен марапатталды.



Жыл сайын барлық оқу орындарда күз тақырыбына арналған әр-түрлі кештер ұйымдастырылады. Мақсаты — жастардың әртүрлі іс-шараларға белсене қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу.

Тәрбие жұмысы бөлімі

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова