«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық» пәнін оқыту бойынша тренингтер

Қылмыстық құқықты оқыту құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті терең теориялық білім беруді және осы негізде қалыптасқан мықты дағды мен біліктілікті курсант бойына қалыптастыруды мақсат етеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының негізгі міндеттері –курсанттардың жүйелі мазмұндай білуін және қылмыстық құқық ғылымының қағидалары мен ережелері туралы теориялық білімін қалыптастыру, курсанттарды қолданыстағы қылмыстық заңнамаларды дұрыс тұспалдауға, қылмыстарды саралауға, қылмыстық құқық нормаларын шебер түсіндіру және қолдануға үйрету. Сонымен қатар қылмыстық құқықтың міндеті курсанттарға қылмыстық заңды, азаматтардың құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін үйрету, қоғам және мемлекет мүддесін қылмыстық қолсұғушылық әрекеттен қорғайтын бұлжымас құрал ретінде құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Осының негізінде, біз Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімін тереңірек түсініп, ерекше бөлімін еш қиындықсыз меңгеру үшін дәстүрлі және тренинг түріндегі сабақ оқыту әдістемесін қолдану жөн деп шештік. Құқық бұзушылықтардың түрлері мен құқық бұзушылықтардың элементтерінің белгілерін, қылмыстың санаттарын анықтауда, диспозия мен санкцияны ажырата білуде тренинг түріндегі сабақтарды өткізу көп нәтиже беретініне іс жүзінде көз жеткіздік.

Тренинг сабақтары күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен өткізілді. Курсанттар өз кезегінде жоғары қызығушылық танытып, белсенділік білдірді. Қылмыстардың қоғамға тигізетін зардаптары мен салдары жайында қағаз бетіне бейнелеп, өздерінің салған суреттерімен таныстырып, заң жүзінде сауатты сөйлеуге үйреніп, сөз шеберліктерін шыңдауға тырысты. Белгілі бір шеберлікті дамытумен қатар, бұл қасиеттердің тек кәсіби қызметінде ғана емес, басқа да іскерлік қатынастарда қажеттілігі туындауы мүмкін екенін терең түсінді.

 

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасының

аға оқытушысы полиция майоры

З. Суйеубаева