Курсанттардың  Қостанай қаласымен алғашқы танысуы

Қаламен танысу әрбір курсант үшін асыға күткен өте ерекше күн. Осындай толығай тамаша күндердің бірінде, яғни 2018 жылы 28 қазан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 101 оқу тобы  алғашқы рет қаламен танысу демалысына шықты.

Қостанай қаласымен серуендеп, саяхат жасап «Арман-3Д» кинотеатрында «Ұлы дала комедиясы» атты фильмді тамашалады. Отандық кино курсанттарға өте қызық және ерекше көңіл күй алып келді. Фильм терең мағыналы болды. Кинодан шыққан соң, қалалық саябақты тамашалады.

Айта кету керек, курсанттардың бірлесіп топпен қалаға шығуы жас ұрпақтың мәдени, адамгершілік және достық тәрбиесін қалыптастыруда маңызды рөл  атқарады.

101 оқу топтың жетекшісі

полиция майоры

Д.Қалқаманұлы