Тәжірибелік қызметкерлермен сабақ барысында кездесу

2018 жылдың 29 қазанында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Ғалыммен 304 оқу тобына «Криминалистика» пәні бойынша тәжірибелік сабағы Қостанай қ. Ішкі істер басқармасының аға криминалисі полиция капитаны А.К.Искеновтың қатысуымен өткізілді. Ол курсанттармен тілдесу барысында өз жұмысының қыр-сырымен бөлісіп, тәжірибелік жағынан түсіндірді. Сабақ өту барысында  курсанттардың жұмысқа деген қызығушылықтарын, ынтасын және құштарлықтарын арттырды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берді және  курсанттарымыз  өздеріне қажетті деген мәліметтерді алды. Осы аз уақыт ішінде тәжірибелік қызметкер курсанттардың жұмысқа деген көзқарастарын жақсы жағына қарай құштарлығын арттырып, болашақ офицерлерімізге сәттілік тілеумен аяқталды.


Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А. Ғалым