КОФ 1 курс курсанттарының ведомстволық жоғары оқу орнында бейімделу мен оқыту мәселелері бойынша конференциясын өткізу


2018 жылдың 25 қазан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу залында күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттарына арналған ведомстволық жоғары оқу орнына бейімделеу мен оқыту мәселелері бойынша конференция откізілді.
Конференцияның мақсаты, жаңадан полиция қатарына қосылып жатқан курсанттарды бейімдеу, адаптациялық жұмыстар және білім сапасы жайлы таныстыру.


Конференция жұмысына күндізгі оқыту факультетінің, оқыту сапасы мониторингілеу және инновациялық технологияларды енгізу бөлімшесінің қызметкерлері, кафедра бастықтары, үздік тыңдаушылар, күндізгі оқыту факультетінің 4 курс белсенді тыңдаушылар қатысты. Өздерінің баяндамаларында олар келесі сұрақтарға назар аударды: әскери-қызмет тәртібі туралы, Академияда оқу процесін ұйымдастыру туралы, 1 курс тыңдаушыларының рейтингін анықтау ережелері туралы, жазба жұмыстарын дайындау және жазу туралы, оқытудың кәсіптік бағыттары туралы.


Полиция кіші сержанты Мұхаметханов Бағнұр осы жылы Оқу орынының үздігі төс белгісін алып, Академия тарихын толықтырмақшы, ал 1 курс магистранты полиция аға-лейтенанты Сейдахметова Асемгуль Уахитовна болса оқу орынын үздікке тәмәмдап білім жолындағы еңбегін жалғастырып жатыр. Олар ҚР ІІМ Қостанай академиясындағы оқытудың тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта бізді де өз орындарынан көргілері келетінін жеткізді.
Конференция соңында қатысушылар тындаушыларға оқуда озат ғылыми және спорттық жетістіктер, мәдени шараларға белсенді атсалысуларын тіледі.

1 курс курсанты полция қатарындағы
Бакбаева Аида Алмазовна