3 курс басшылығының кіші командирлер құрамымен кезекті кездесуі

2018 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс кіші командирлер құрамымен курс басшылығының кезекті кездесуі ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш кездесулер курс басшылығының тарапынан жиі ұйымдастырылады. Себебі, әрбір кездесу сайын талқыға түскен мәселелер бойынша кемшіліктер немесе қандай да болсын орын алған тәртіпсіздіктер алдын алынып жойылады. Сондай-ақ, аталмыш кемшіліктер мен қателіктердің орын алуын болдырмауға курс басшылығы өте үлкен назар аударып, бақылауға алады.

Кездесу барысында курс басшылығы жеке кіші командирлер құрамымен кездесіп, курстың моралдық-психологиялық ахуалын талқыға түсірді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жеке құрамның арасындағы әскери-қызметтік тәртіпті нығайту, оқу процесін жақсарту, курстың кәсіби дамуына бағытталған өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту  және нысанды киім үлгісін сақтау бойынша мәселелерге жете тоқталу.  Курс бастығы полиция подполковнигі                Ә. Тажмұханов өз сөзінде  әрбір топ командирі өзінің жеке құрамымен жұмыс жасауы керек екендігін және кез келген жағдайда  Академияның бекітілген ережелеріне, сонымен қатар жалпы Ішкі істер органдары  қызметкерлерінің қызметтік тәртібіне сай болу керек  екендіктерін талап етті. Жалпы, кіші командирлер құрамы барлық курсанттардың арасында беделді және үлгі тұтарлық курсанттар ретінде бір қадам алда болулары қажет екендіктерін ескертті. Өз кезегінде, кіші командирлер де курс басшылығы тарапынан қойылған тапсырмалар мен өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді жедел түрде орындап, мінсіз атқаруға ынта қойып, талпынатыны сөзсіз.

Кездесу соңында кіші командирлер құрамымен оқу процесіндегі білім деңгейін арттыру және тәртіптік құқық бұзушылықтарды алдын алу бағытындағы жоспарлар талқыланып,  ұсыныстар тыңдалды.

 3 курс баспасөз қызметі