Білімнің бас құралы — кітап

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.

2018 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 211 оқу тобы Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына экскурсия жасады.

Экскурсия барысында тыңдаушылар кітапхананы пайдалану ережелерімен, педагогика және психология мамандығына арналған кітаптар, журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен танысты.


Өткізілген іс-шара тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырды. Экскурсия соңында курсанттар кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.

211 оқу тобының кураторы
педагогика және психология
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты
Г.Х.Ибраева