Көптілділік – табыс кепілі

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп айтқан болатын.

«Үш тілдің бірлігі» атты мәдениетті  жобасында – үш тіл, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік тіл қазақ тілі, халықаралық қолданыстағы тіл орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу болып табылады.


Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі  — әрине, мемлекеттік тілі. Себебі, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші болып табылады. Бұл бағытта еліміз мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.


Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 1 және 2 курс курсанттары 2018 жылғы 18 қазан күні қалалық ҚБ «Южный» кітапханасында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау, мемлекеттік тілді құрметтеу, жастардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында белгілі журналист, ақын Ғайнижамал Бердалинова өзінің «Жүрегінен өлең болып өрілген», «Аман болшы, ақылдым», «Ризамын, қалқам, ризамын» жинақтарымен, «Жас қазақ», «Алға» деген журналдарымен таныстырды.

Тіл — ұлттың жүрегі, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.

Елімізде тыныштық, үйімізде ырыс-құт, тіл мәртебесі биік болсын.

 

202 топ кураторы

полиция капитаны

В. Касенова

111 топ кураторы

полиция капитаны

О. Аужанова