АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫС  ХАТЫ

Бүгінгі таңда елімізде қарияларға үлкен мән беріліп, жан-жақты көңіл бөлініп құрмет көрсетіледі. Қарттарымыз әрқашан ел мүддесін биік қойып, мемлекетіміздің гүлденіп, өсіп — өркендеуіне, халқымыздың бейбіт өмір кешуіне, жастарымызды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйретіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен ақыл-кеңестерін  беріп отыр.  Міне, осындай қарияларымызға Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, профессорлық — оқытушылар құрамы және курсанттар жыл сайын  1 қазан — Қарттар күніне орай  мерекелік ісшара өткізеді. Биылда, осындай мерекелік күнінде барлық жылы лебіздер мен ән кештері біздің  құрметті Академия ардагерлеріне арналды.

Мерекелік іс-шарадан соң, академиямыздың ардагерлері: Б.Б.Мукажанова, Б.К.Шнарбаев, Е.К.Мукажанов, Б.М.Болотских, А.С.Комамбаев, А.П.Калашников, Ж.К.Байназаров  өздерінің тарапынан Академияның басшылығына, профессорлық — оқытушылар құрамына, курсанттарға  жылы сөздерін білдіре отырып, Академия бастығы полиция  генерал – майоры Мирлан Қызыловқа алғыс хатын жіберді:

«Осы мерекелі күні Академияның қызметкерлері мен курсанттары біздер үшін мерекелі концерт ұйымдастырып, қарияларды құрмет пен сыйға бөледі.  Академияда ардагерлер үшін барлық бағыттарда жасалып жатқан  іс-шараларға әрдайым зор үлес қосып отырасыз. Сіздің болашақ жастарды тәрбиелеуде, білім беруде, нағыз ер жүрек, батыл да, қамқоршы, Отанын қорғайтын, адал қызметкерді тәрбиелеу бағытындағы тікелей жұмысыңыз баға жетпес еңбек деп білеміз. Сіздерге еңбек жолдарыңызда  жеміс, зор денсаулық, шығармашылық табыс, бейбітшілік өмір және туған жеріміздің гүлдене өсіп — өркендеуіне қосқан үлестеріңізге мол табыс тілейміз!».

Міне, осындай, алғысын білдірген Академияның ардагерлеріне шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, жұртына қамқор болатын ардақты да сыйлы қарттарымыз әрқашан да аман болсын, дейміз.

Академияның баспасөз хатшысы

Уақпаева Орынбасар