Сырттай оқыту факультетінде ауыспалы құрам арасында саптық байқау өткізілді

Нысанды киім үлгісін сақтау – Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да нысанды киім кию үлгісін сақтауға сырттай оқыту факультетінде білім алып жатқан әрбір қызметкер үлкен жауаптылықпен қарауы тиіс. Осыған орай, сырттай оқыту факультетінің оқу-емтихан сессиясы кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 8 қазанында сырттай оқыту факультетіне 2016 жылы қабылданған 3-курс курсанттарымен 2018 жылдың 16 қазанында Академия алаңында әскери және тактика-арнайы дайындық кафедрасы мен сырттай оқыту факультетінің қызметкерлері 3-курс курсанттардың саптық байқауын өткізді.



Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның түпкі мақсаты – қызметкерлердің нысанды киім кию үлгісін қатаң сақтау. Саптық байқау барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес нысанды киім кию үлгісінің барлық талаптарына сай тексеріс жүзеге асырылды.

Кафедра мен факультет қызметкерлері курсанттардың белгіленген түрдегі сыртқы киім үлгісін, қызметтік куәліктерін, жетондарын және рұқсат қағаздарын тексерді. Байқау соңында курсанттар Академия алаңында сап түзеп өтті.

 

Сырттай оқыту факультетінің

оқытушы-әдіскерлері

Жакупжанов А.

Султанов Б.